KZ
20 наурыз 2026, 05:19
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.03.2026 17:48 #Корпоративтік уақиғалар

20 сәуірде "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

/KASE, 18.03.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2026 жылдың 20 сәуірінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) банктің 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;

2) банктің 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы;

3) банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылындағы есебі туралы;

4) акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;

5) банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне 2025 жылға берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы.

Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат – толығырақ

[2026-03-18]