"Эйр Астана" АҚ акцияларды және ҒДҚ-ны кері сатып алу бағдарламасының жалғасы туралы хабарлайды
/KASE, 17.03.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
17 марта 2025 г.
"Эйр Астана" АҚ ("Компания" және FlyArystan еншілес компаниясымен бірге – "Топ") 2026 жылғы 12 наурызда Компанияның Директорлар кеңесі қабылдаған шешімге сәйкес, Компанияның жай акцияларын ("Акциялар") және акцияларды білдіретін Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ("ЖДҚ") кері сатып алу бағдарламасын жалғастыруынын хабарлайды.
Бұрынғыдай, Бағдарламаның мақсаты Компанияның ұзақ мерзімді қызметкерлерді ынталандыру бағдарламалары бойынша міндеттемелерін орындау болып табылады. 2026 жыл ішінде Компания 1 506 583 акцияға дейін (Акциялар және/немесе ЖДҚ түрінде) сатып алуды жоспарлап отыр, бұл қазіргі уақытта Компания орналастырған жалпы Акциялар санының шамамен 0,42%- ын құрайды (оның ішіне кері сатып алынған және жоспарға сәйкес қызметкерлерге үлестірілген акциялар, сондай-ақ ЖДҚ білдірген акциялар есепке алмағанда). Осы мақсатта жұмсалатын қаражаттың жалпы сомасы қосалқы шығындарды қоса алғанда, 4 миллион АҚШ долларынан аспайды. Бағдарламаның осы кезеңі 2026 жылғы 16 наурызда басталды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-03-17]