KZ
17 наурыз 2026, 19:21
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.03.2026 15:19 #Сауда-саттық ақпараты

17 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 наурызында болатын МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 17.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 19 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 30 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 100,1855 % (кірістілік – жылдық 15,00 %) деңгейінде белгіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 наурызында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 5,9 жыл МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-03-17]