Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00011877 (MFLGb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 17.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 наурызынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00011877 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLGb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 17.09.24 – 17.03.26; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2024 жылдың 12 қыркүйегінен бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 17 қыркүйегінен бастап ашылды.
[2026-03-17]