Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Азия даму банкінің XS2294363689 (ASDBe7) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды
/KASE, 17.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 наурызынан бастап KASE ресми тізімінен Азия Даму Банкінің XS2294363689 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe7; 9 038 783 000 теңге, 22.02.21 – 17.03.26, жартыжылдық купон, жылдық 9,95%; 30/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты алынып тасталғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2021 жылдың 18 ақпанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 26 ақпанынан бастап ашылды.
[2026-03-17]