KZ
17 наурыз 2026, 01:05
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.03.2026 16:58 #Қаржы құралдары

KASE 2026 жылдың екінші тоқсанына МБҚ кірістілік функциясын қалыптастыру үшін мерзімдік диапазондарды белгіледі

/KASE, 16.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2026 жылдың 13 наурызындағы шешімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік қисығын (МБҚ) анықтау мақсатында 2026 жылдың екінші тоқсанына мынадай мерзімдік диапазондарды белгіленгені туралы хабарлайды:

  • өтеуге дейін 0-ден 360 күнге дейін;
  • өтеуге дейін 361 күннен 1 080 күнге дейін;
  • өтеуге дейін 1 081 күннен 2 160 күнге дейін;
  • өтеуге дейін 2 161 күннен және одан да көп.

Комитеттің шешіміне сәйкес әрбір мерзімдік диапазон үшін соңғы бес мәміленің/өтінімнің параметрлері пайдаланылады, олардың өтелу мерзімі мәміле жасалған кезде осы мерзімдік диапазонына сәйкес келеді.

Комитеттің шешімімен 2026 жылдың 01 сәуірінен бастап МБҚ кірістілік функциясын қалыптастыру мақсатында есепке баға белгілеу провайдерлері берген өтінімдер енгізілгені анықталды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын анықтау әдістемесінің мәтіні мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ

[2026-03-16]