"Эйр Астана" АҚ 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған төртінші тоқсан мен толық жылдың нәтижелерін хабарлады
/KASE, 13.03.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
13 наурыз 2026
Табысы мен әуе паркінің көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі жетекші авиациялық топ «Эйр Астана» АҚ («Компания», ал өзінің FlyArystan еншілес компаниясымен бірге – «Топ») 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған төртінші тоқсан мен толық жылдың қорытындыларын жариялайды.
...
2025 жылдың негізгі көрсеткіштері
Табыстың және тасымалдау сыйымдылығының елеулі өсуі маржаға қысымға қарамастан EBITDAR көрсеткішінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді.
- Жалпы табыс пен өзге де кірістер 11,4%-ға өсіп, 1 453,9 млн АҚШ долларын құрады (2024 ж.: 1 304,9 млн АҚШ доллары).
- BITDAR 0,8%-ға өсіп, 321,2 млн АҚШ долларына жетті (2024 ж.: 318,7 млн АҚШ доллары). EBITDAR маржасы 2,3 т.п.-ке төмендеп, 22,1% болды (2024 ж.: 24,4%).
- Таза пайда (PAT) 35,9 млн АҚШ долларына азайып, 13,6 млн АҚШ долларын құрады (2024 ж.: 49,4 млн АҚШ доллары).
- АSK 14,0%-ға өсіп, 22,0 млрд-қа жетті (2024 ж.: 19,3 млрд).
- RPK 13,0%-ға өсіп, 18,2 млрд болды (2024 ж.: 16,1 млрд)..
- Күрделі операциялық жағдайда RASK пен CASK көрсеткіштері арасындағы маржаның төмендеуін көрсетті, және сыйымдылықты икемді басқару, тарифтерді түзету және операциялық тиімділікті арттыру арқылы ішінара өтелді.
- RASK 2,3%-ға төмендеп, 6,60 АҚШ центін құрады (2024 ж.: 6,75 цент).
- CASK 1,6%-ға өсіп, 6,20 АҚШ центіне жетті (2024 ж.: 6,10 цент).
- Топ бойынша тасымалданған жолаушылар саны 7,9%-ға өсіп, 9,7 млн адамды құрады (2024 ж.: 9,0 млн), орташа жүктемелік коэффициент 82,7% деңгейінде тұрақты сақталды (2024 ж.: 83,5%).
- Топтың әуе паркі 62 әуе кемесіне дейін ұлғайды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-03-13]