Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АНОНС: 17 НАУРЫЗДА KASE "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 12.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 наурызында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды.
Іс-шара шеңберінде 2025 жылғы өндірістік және қаржылық нәтижелерге шолу, сондай-ақ компания қызметінің негізгі көрсеткіштері ұсынылатын болады.
Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы уақытымен сағат 11:00-де.
Іс-шара спикерлері:
- Әміржан Оспанов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі;
- Алмас Оңғарсынов, корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор, "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі.
Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2026-03-12]