KZ
12 наурыз 2026, 16:40
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.03.2026 11:30 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 23 сәуірде өткізу туралы хабарлама

/KASE, 12.03.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 35 бабына, 37 бабының 1 тармағына және 3-тармағының 3) тармақшасына және 41-бабына сәйкес "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның Директорлар кеңесі жиналысты шақырудың бастамашысы ретінде 2026 жылғы 23 сәуірде акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен, сырттай дауыс беру арқылы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы) өтетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімі жүйесінің 2026 жылғы 23 наурыздағы жағдайының деректері бойынша құрылады.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

2. 2025 жылға тәуелсіз аудиторлардың есебін ескере отырып, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ шоғырландырылған жылдық қаржы есептілігін бекіту туралы.

3. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жөнінде шешім қабылдау. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту.

4. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы өз қызметі туралы есебін қарау туралы.

5. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау туралы.

6. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау туралы.

7. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.

8. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Жарғысына өзгерісті бекіту туралы.

9. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның корпоративтік басқару кодексіне өзгерістерді бекіту туралы.

10. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы.

11. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерін "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы жөнінде хабардар ету туралы.

12. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініш- шағымдары және оларды қарау қорытындылары жөнінде мәселені қарау туралы.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-03-12]