KZ
11 наурыз 2026, 13:22
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.03.2026 15:10 #Сауда-саттық ақпараты

10 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 наурызында болатын МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 10.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 12 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МУИКАМ) KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 42 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 94,6773 % (кірістілік – жылдық 16,00 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 95,5171 % құрады (кірістілік – жылдық 15,74 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 наурызында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 5,1 жыл МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-03-10]