2026 жылдың ақпан айындағы KASE акциялар нарығына шолу
/KASE, 06.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолуды ұсынады.
2026 жылдың ақпан айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 76 эмитенттің 89 атаудағы акциялары болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атауындағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді.
2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 44,7 трлн теңгені ($89,2 млрд) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 0,8 трлн теңгеге немесе 1,8 %-ға жоғары.
---------------------------------------------------------
27 ақпан 30 қаңтар
2026 2026 Δ Δ, %
----------------------- --------- --------- -------- ----
Капитализация, млрд KZT 44 739,93 43 943,16 +796,8 +1,8
Капитализация, млн USD 89 167,78 87 332,62 +1 835,2 +2,1
---------------------------------------------------------
2026 жылдың ақпанында акциялармен сауда-саттық көлемі 24,4 млрд теңгені құрап, қаңтарға қатысты 0,5 %-ға немесе 0,1 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,2 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 9 408 теңгені, бір мәміленің орташа көлемі – 129,5 мың теңгені құрады. Ақпан айында акциялар сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан ең белсенді жеке тұлғалар болды, олардың үлесіне акциялармен сауда- саттықтың жалпы айналымының 49,6 %-ы тиесілі болды, банктердің үлесіне – 0,2 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 25,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 3,5 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 21,6 %. Бейрезиденттердің үлесі – 10,4 % құрады.
KASE Индексінің мәні ақпан айында 0,1 %-ға артып, айдың соңына қарай 7 711,15 тармақты құрады.
2026 жылдың ақпан айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 18,7 млрд теңгені құрады, бұл қаңтар айындағы көрсеткіштен 0,1 млрд теңгеге төмен. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі – 4,8 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,8%) "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның жай акцияларына келді.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі, Капитализация*,
бір акцияға теңге млн теңге млрд теңге
Free Индекстегі ----------------------------------- ----------------------- ---------------
float, үлесі с 01.01.26
% %* 27 ақпан 30 қаңтар Δ, % Δ, % ақпан қаңтар Δ, % 27.02.26
------ ------ ---------- --------- --------- ---- ---------- -------- -------- ----- ---------------
KMGZ 2,6 16,3 26 050,01 23 999,99 +8,5 +19,9 1 372,2 1 043,9 +31,4 15 861,6
KZTO 10,0 1,8 1 041,88 966,00 +7,9 +9,7 1 697,6 882,4 +92,4 400,3
KCEL 34,1 10,8 3 440,00 3 313,55 +3,8 +1,7 294,6 1 600,1 -81,6 687,1
HSBK 38,0 15,1 404,50 401,88 +0,7 +8,9 2 619,2 4 614,2 -43,2 4 418,6
CCBN 48,2 15,0 4 718,00 4 730,51 -0,3 +1,2 2 448,0 1 248,4 +96,1 833,5
KEGC 15,0 2,8 1 461,05 1 471,95 -0,7 -6,0 344,2 701,0 -50,9 402,6
KZTK 19,2 4,1 43 998,99 44 553,00 -1,2 +1,4 662,3 240,3 x2,8 479,8
KZAP 25,0 14,8 41 270,01 41 950,00 -1,6 +47,1 4 835,9 6 519,5 -25,8 10 712,6
AIRA 41,8 5,7 836,09 870,78 -4,0 -8,1 2 519,6 637,2 x4,0 299,4
KSPI 33,5 13,7 36 450,00 39 901,00 -8,6 -9,8 1 951,8 1 397,5 +39,7 6 980,5
Индекс – – 7 711,15 7 702,60 +0,1 +9,7 18 745,5 18 884,7 -0,7 –
KASE
----------------------------------------------------------------------------------------------------
* артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияның
капитализациясы
[2026-03-06]