KZ
6 наурыз 2026, 01:22
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.03.2026 16:38 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өзінің интернет-ресурсында 2026 жылдың ақпан айындағы Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі бойынша шолуды жариялады

/KASE, 05.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің интернет- ресурсында 2026 жылдың ақпан айындағы Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) бойынша шолуды жариялады, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кәсіпорындардың ай сайынғы сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың болашақтағы өзгерістеріне қатысты күтулеріне қатысты сұрақтарға кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды.

ІБИ – нақты сектордағы экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіш, экономикалық тенденциялардың динамикасын, бизнес циклінің маңызды және бетбұрыс нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақпаратына сәйкес:

"2026 жылғы ақпанда іскерлік белсендік индексі сауда және құрылыс салаларының есебінен 49,7 құрады.

Өндіріс пен қызмет көрсету секторында белсенділіктің өскені байқалды, мұнда индекстер сәйкесінше 51,8 және 50,6 құрап, жағдайы жақсарды (қаңтарда – 50,9 және 52,2). Құрылыс және тау-кен өнеркәсібінде индикаторлар төмендеу аймағында орналасып, сәйкесінше 45,3 және 49,7 болды (қаңтарда – 46,9 және 49,1). Саудада индекс негізінен жаңа тапсырыстар көлемінің азаюына байланысты 47,8-ді құрады (қаңтарда – 50,1).".

Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ

Орыс тіліндегі шолу – толығырақ

Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ

[2026-03-05]