Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013287 (MFMOb14) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 05.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 05 наурызынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013287 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb14; 1 000 теңге; 2,0 млрд теңге; 05.03.25 – 05.03.26; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2025 жылдың 06 ақпанынан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2025 жылдың 05 наурызынан бастап ашылды.
[2026-03-05]