KASE өзінің интернет-ресурсында ақпан айында Freedom Holding Corp. ұсынған Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады
/KASE, 04.03.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың ақпан айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес компаниясы) қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірі келтірілген:
"Қазақстанның қызмет көрсету саласы ақпан айында соңғы төрт жылдағы сұраныстың ең күрт төмендеуін тіркеді. Қаңтарда сала бастапқы салықтық шокты маржаның қысқаруы есебінен еңсеруге тырысқан болса, қазіргі уақытта жұмыспен қамтудың және іскерлік белсенділіктің төмендеуі бұл ішкі резервтің сарқылып келе жатқанын аңғартады. Жалпы инфляцияның біршама баяулауына қарамастан, баға қысымы әлі де жоғары деңгейде сақталуда – 2026 жылы өткізу және сатып алу бағалары өсімінің қарқындары арасындағы теріс айырма алдыңғы екі жылдың орташа деңгейімен салыстырғанда үш еседен астам ұлғайды. Бұл әлсіз сұраныс жағдайында маржаға түсетін қысымның күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, алдағы 12 айға арналған іскерлік күтулер қалыпты оң серпін көрсетіп отыр, бұл компаниялардың жаңа фискалдық ортаға бейімделуі аясында тұрақтану мүмкіндігіне қатысты сақ оптимизмге негіз береді.".
Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ
Орыс тіліндегі шолу – толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ
[2026-03-04]