KZ
4 наурыз 2026, 21:56
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.03.2026 12:00 #Қаржы құралдары

04 наурыздан бастап "Ломбард Партнер Қазақстан" ЖШС KZ2P00017106 (MFPLb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 04.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 27 ақпанында "Ломбард Партнер Қазақстан" ЖШС (Шымкент) KZ2P00017106 (MFPLb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 04 наурызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2026 жылғы 26 қаңтарда тіркелген 10,0 млрд теңге сомасына "Ломбард Партнер Қазақстан" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.

"Ломбард Партнер Қазақстан" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.

"Ломбард Партнер Қазақстан" ЖШС қызметінің негізгі түрі – ломбард қызметі.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-03-04]