KZ
4 наурыз 2026, 17:31
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.03.2026 16:49 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың ақпан айындағы KASE МБҚ нарығына шолу

/KASE, 03.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына (МБҚ) қысқаша шолу ұсынады.

2026 жылдың ақпан айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 106 облигация шығарылымы, оның ішінде МЕКАМ 91шығарылымы және 15 еурооблигация шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 3 нота шығарылымы, 246 жергілікті атқарушы органдар облигацияларының шығарылымы және 64 шет мемлекеттер облигацияларының шығарылымы болды.

Ақпан айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 775,2 млрд теңгені ($1,6 млрд) құрады және қаңтармен салыстырғанда 46,9 %-ға немесе 247,5 млрд теңгеге өсті. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 38,8 млрд теңгені (қайталама нарықта – 10,9 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 18 (қайталама нарықта – 13), бір мәміленің орташа көлемі – 2,2 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,9 млрд теңге) құрады.

Бастапқы нарықта ақпан айында жалпы сомасы 556,6 млрд теңгеге ($1 120,8 млн) 96 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 27,7 %- ға немесе 120,6 млрд теңгеге жоғары:

---------------------------------------------------------------------------------------------------
                                           Сауда-  Сауда- Ұсыным-ға сұраным Орташа-саралан.  Өтеуге
Орналаст. күні                            саттық, саттық,                      кірістіл., %   дейін
               Сауда-саттық ISIN           көлемі  көлемі                                   мерзімі
               коды                      млрд KZT млн USD                                       жыл
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
03.02.2026     MKM012_0162  KZK100000431     28,7    56,8              х4,9           16,21     1,0
               MTM072_0001  KZKT00000040     32,7    64,8              х2,1           16,09     2,8
               MUM072_0016  KZKD00001319     54,5   107,9            188,1%           15,18     6,0
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
10.02.2026     MUM180_0009  KZKD00000717     38,5    77,8              х3,9           15,91     2,8
               MUM180_0016  KZKD00001194     64,1   129,6              х2,7           15,17    11,0
               MUM300_0003  KZKD00000857     63,6   128,5              х3,7           15,10    14,0
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
17.02.2026     MKM012_0162  KZK100000431     46,3    94,2            153,2%           16,15     1,0
               MOM060_0055  KZK200000778     55,0   111,7              х2,8           15,14     4,6
               MUM120_0020  KZKD00001269     54,4   110,5              х3,3           14,94     9,0
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
24.02.2026     MOM060_0054  KZK200000737     36,1    72,7              х2,1           16,03     1,7
               MUM072_0016  KZKD00001319     82,7   166,3              х2,0           15,10     5,9
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
БАРЛЫҒЫ                                     556,6 1 120,8                                          
---------------------------------------------------------------------------------------------------

Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне 68,1 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 27,9 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 3,9 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,1 %-дан кем болды. Бейрезиденттердің МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі 3,0 % құрады.

Қайталама нарықта ақпан айында жалпы сомасы 218,6 млрд теңгеге ($442,8 млн) 256 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,4 есе немесе 127,0 млрд теңгеге жоғары.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 37,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 12,3 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 5,6 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 44,2 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,2 % тиесілі болды. МБҚ қайталама нарығында бейрезиденттердің сауда- саттыққа қатысу үлесі 33,3 % құрады.

Ақпан айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері келесі өзгерістерді көрсетті:

-------------------------------------------------------------------------------
                                                                     Бір айдағы
                                                27.02.26 ж.б. мәні     өзгеруі,
                                                                   теңге / б.т.
----------------------------------------------- ------------------ ------------
                       "Таза" бағалар индекстері, теңге                        
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                        1 211,31        +6,64
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                 959,03        +8,75
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам                             807,84        +7,78
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп             915,45        +9,12
KZGB_CP сегменттеу мерзімісіз                               945,06        +9,57
-------------------------------------------------------------------------------
                     "Таза емес" бағалар индекстері, теңге                     
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                        1 509,78       +19,22
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен               1 293,64       +10,53
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам                           1 125,94       +20,23
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп           1 179,47       +20,52
KZGB_DP сегменттеу мерзімісіз                             1 172,12       +16,67
----------------------------------------------- -------------------------------             
                           Кірістілік индекстері, %                            
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен                            16,96        -0,19
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                   16,21        -0,20
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам                               15,26        -0,16
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп               15,83        -0,22
KZGB_Y сегменттеу мерзімісіз                                 15,81        -0,22
-------------------------------------------------------------------------------

[2026-03-03]