KZ
4 наурыз 2026, 17:31
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.03.2026 15:52 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында KASE-де шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 9,2 трлн теңге болды

/KASE, 03.03.26/ – 2026 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарының спот-нарығында жасалған сауда-саттық көлемі 9 236,5 млрд теңге болып, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34,7 %-ға өсті.

2025 жылдың екі айлық (қараша-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда, сауда-саттық көлемі 19,3 %-ға азайды.

Төмендегі кестеде KASE шетел валюталары спот-нарығының 2026 жылғы көрсеткіштері валюта жұптары бойынша бөліп көрсетілген (валюта жұбында бірінші көрсетілген валютаның млн бірлігі), сондай-ақ 2025 жылдың салыстырмалы деректері берілген.

------------------------------------------------------------------------------
                                                  Сауда-саттық көлемі         
Жыл,       ---------------------------------------------------------- Барлығы,
ай          USD/KZT EUR/KZT   RUB/KZT EUR/USD CNY/KZT USD/CNY EUR/CNY млрд KZT
---------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- --------
2026, I     6 349,1    57,6 108 962,3   159,3 1 357,9   316,3     0,0  4 322,9
2026, II    7 620,9    55,4 136 901,0   143,7 1 348,2    74,7     0,0  4 913,6
---------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- --------
Барлығы    13 969,9   113,0 245 863,3   303,0 2 706,1   391,0     0,0  9 236,5
---------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- --------
2025, I-II  9 810,0   260,1 242 729,0   168,3 1 426,7   365,3     0,0  6 858,3
тренд, %      +42,4   -56,5      +1,3   +80,1   +89,7    +7,0       –    +34,7
------------------------------------------------------------------------------

03.01.2026 және 28.02.2026 аралығындағы кезеңде барлық биржалық мәміле бойынша есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа өлшенген бағамы бір АҚШ доллары үшін 501,06 теңге болды.

[2026-03-03]