Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03 наурыздан бастап "Rangeld Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00017304 (MFRGb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 02.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 03 наурызынан бастап "Rangeld Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00017304 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFRGb2; 1 000 теңге, 200,0 млн теңге; 27.02.26 – 27.02.27; ай сайынғы купон, жылдық 23,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-03-02]