03 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында NVIDIA Corp. US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
/KASE, 02.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 03 наурызынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2026 жылдың 11 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_ KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 13 наурызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі құжатының 13 бабының 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу бойынша тізілімді есепке алу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2023-03-02]