KZ
2 наурыз 2026, 17:25
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.03.2026 10:37 #Корпоративтік уақиғалар

"Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 27 наурызда өткізу туралы хабарлама

/KASE, 02.03.26/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (KASE тикері – TPIB) 2026 жылдың 27 наурызында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2) орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты қоғамның жарғысына өзгертулер енгізу туралы;

3) қоғамның Директорлар кеңесі төрағасының ай сайынғы сыйақысының мөлшерін өзгерту туралы;

4) 2025 жылға арналған жылдық жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекіту;

5) қоғамның өткен қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін анықтау;

6) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау;

7) қоғамның акционерлерін қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне 2025 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ 26_812.PDF

[2026-03-02]