Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02 наурыздан бастап "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00017437 (ORBSb7) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 02.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылдың 26 ақпанында "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00017437 (ORBSb7; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 02 наурызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-03-02]