KZ
11 наурыз 2026, 14:26
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.03.2026 09:33 #Қаржы құралдары

Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS1957561555 (EBRDe4) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 02.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 02 наурызынан бастап Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS1957561555 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe4; 20,0 млрд теңге, 28.02.19 – 28.02.26; индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 14,141 %; actual/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-сатық 2019 жылдың 11 наурызынан бастап ашылды.

[2026-03-02]