03 наурызда KASE-де "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың KZ2C00015865 (CCBNb38) облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 27.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 03 наурызда KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың KZ2C00015865 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, CCBNb38) облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен жазылу арқылы орналастыру (Астана қ. уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "Банк ЦентрКредит" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болады.
--------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаз түрі: дисконттық облигациялар ISIN: KZ2C00015865 KASE сауда-саттық коды: CCBNb38 Номиналды құны, АҚШ доллары: 10 000 Шығарылым көлемі, АҚШ доллары: - тіркелген: 50 000 000 - орналастырылған (номиналы бойынша): 31 130 000 Айналыс басталған күн: 10.12.25 Айналыста болатын соңғы күн: 09.12.26 Өтеу басталатын күн: 10.12.26 Айналыс мерзімі: 360 күн Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ----------------------- Жазылу жүргізілетін күн: 03.03.26 Өтеуге дейінгі мерзім: 277 күн Орналастырудың номиналды көлемі, АҚШ доллары: 18 870 000 Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді Өтінім қабылданатын уақыт: 10:00–11:00 Мәміле жасалған күн мен уақыт: 03.03.26, 12:00 Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 03.03.26, 13:00 ---------------------------------------------------------------------
Осы жазылым жүргізу шарттарына сәйкес, аталған облигацияларды сатушыға ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне төмендегі кіреді:
1)жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;
2)жеке адамның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
3)жеке адамның азаматтығы немесе заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүргізілген мемлекет.
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.
Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-02-27]