27 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды
/KASE, 27.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 ақпанынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe19) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттық 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап тоқтатылды.
Аталған облигациялардың сауда-саттығы шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес аталған облигацияларды ішінара өтеу процедурасының аяқталуына байланысты қайта басталды.
Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2026 жылдың 13 ақпанындағы "16 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – толығырақ
[2026-02-27]