KZ
27 ақпан 2026, 16:45
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.02.2026 09:44 #Қаржы құралдары

"Нұрбанк" АҚ KZ2C00002871 (NRBNb15) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 27.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 ақпанынан бастап "Нұрбанк" АҚ KZ2C00002871 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb15; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 27.02.19 – 27.02.26, жартыжылдық купон, жылдық 10,95%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар 2019 жылдың 16 қаңтарынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 04 наурызынан бастап ашылды.

[2026-02-27]