26 ақпаннан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00016397 (MFBLb8) және KZ2P00016405 (MFBLb9) облигациялары "таза" бағамен сауда-сатттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 25.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 ақпанынан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС-нің келесі облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды:
1) KZ2P00016397 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFBLb8; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 19.02.26 – 19.02.31; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
2) KZ2P00016405 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFBLb9; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 19.02.26 – 19.02.31; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-02-25]