Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 25.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылдың 03 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 05 наурызынан бастап қайта басталады
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2026 жылдың 03 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-02-25]