24 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 ақпанында болатын МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 24.02.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 26 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 65 794 927 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 100,2427 % (кірістілік – жылдық 15,10 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 100,2545 % құрады (кірістілік – жылдық 15,10 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 ақпанында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 6 жыл МЕУКАМ KZKD00001319 (MUM072_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-02-24]