Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
/KASE, 24.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 25 ақпанынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 сәуірiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жасалатын репо операциялары бойынша Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 17 сәуірiнен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2026 жылдың 15 сәуірiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.