Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00006393 (KZIKb30) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 24.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 24 ақпанынан бастап "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ KZ2C00006393 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb30; 1 теңге, 30,0 млрд теңге; 24.02.21 – 24.02.26, жартыжылдық купон, жылдық 10,25%; 30/360) облигациялары мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды.
Аталған облигациялар 2020 жылдың 06 қаңтарынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 02 сәуірінен бастап ашылды.
[2026-02-24]