24 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда саттық ашылады
/KASE, 23.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 24 ақпанынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
1) US91282CJC64 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US189_2610; $46 000,0 млн; 16.10.23 – 15.10.26; жартыжылдық купон, жылдық 4,625 %; actual/actual);
2) US91282CJP77 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US190_2612; $49 999,0 млн; 15.12.23 – 15.12.26; жартыжылдық купон, жылдық 4,375 %; actual/actual).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-02-23]