KZ
24 ақпан 2026, 16:09
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.02.2026 09:31 #Қаржы құралдары

"Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013329 (MFMOb17) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 23.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 ақпанынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013329 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb17; $100, $2,0 млн; 21.02.25 – 21.02.26; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар 2025 жылдың 06 ақпанынан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2025 жылдың 21 ақпанынан бастап ашылды.

[2026-02-23]