23 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 20.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін, M&T Bank Corporation US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 04 наурызынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін US6745991058 (сектор "KASE Global", OXY_KZ) ) Occidental Petroleum Corp., сауда саттық 2026 жылдың 12 наурызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-02-20]