KZ
18 ақпан 2026, 23:08
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.02.2026 15:01 #Корпоративтік уақиғалар

"Эйр Астана" АҚ FlyArystan басшылығындағы өзгерістер туралы хабарлады

/KASE, 18.02.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" АҚ (Air Astana, еншілес FlyArystan әуе компаниясымен бірге – "Топ") 2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының Президенті лауазымына Йохан Эйдхагеннің тағайындалғанын хабарлайды.

Йохан Эйдхаген FlyArystan компаниясына Wizz Air әуе компаниясынан ауысады. Онда ол бірқатар басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде соңғы уақытта Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды. Wizz Air құрамында ол кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын да иеленген. Wizz Air-ге келгенге дейін ол шамамен он бес жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елдерде басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Йохан Эйдхаген Ричард Леджердің орнына келеді. Ричард Леджер Air Astana Тобында жаңа басшылық қызметке – серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалады. China Southern Airlines және Air India әуе компанияларымен жуырда жасалған келісімдерді қоса алғанда, кодшерингтік серіктестіктер Топтың халықаралық қызметін кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Ричард осы бағыттағы мүмкіндіктерді дамытуға, өңірдің ірі нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауапты болады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-02-18]