KZ
19 ақпан 2026, 02:33
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.02.2026 14:49 #Қаржы құралдары

19 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 18.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 19 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін, NIKE, Inc. US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 04 наурызынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 16 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін US30303M1027 (сектор "KASE Global", META_KZ) Meta Platforms, Inc., сауда саттық 2026 жылдың 18 наурызынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-18]