KZ
19 ақпан 2026, 02:33
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.02.2026 12:09 #Қаржы құралдары

/ӨЗГЕРІЛДІ/ 19 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000136 (ASK022_013) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 18.02.26, облигациялар саудасын тоқтата тұру күні өзгертілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 19 ақпанынан бастап KASE-де Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000136 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK022_013) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласы қаржы басқармасының 2026 жылдың 17 ақпанындағы көрсетілген облигацияларды толық мерзімінен бұрын өтеу туралы хаты негізінде тоқтатылды.

[2026-02-18]