"ҚазТрансОйл" АҚ мұнай сапасын онлайн-бақылаудың озық технологиясын енгізуде
/KASE, 17.02.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ цифрландыру және технологиялық қауіпсіздік бағытында тағы бір қадам жасап отыр: компания көрші елдердің құбыр компаниялары арасындағы алғашқы компаниялардың бірі болып, нақты уақыт режимінде оның сапасын үздіксіз бақылау үшін мұнайға хлорид тұздарының ағындық анализаторын енгізу жөніндегі жобаны іске асыруға кірісуде (мұндай технология ҚХР да қолданылып жүр).
Хлорлы тұздар – мұнай сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Олардың көптігі жабдықтар мен құбырлардың коррозиясын тездетеді, шөгінділердің пайда болуына әкеледі және мұнай өңдеу зауыттарында өңдеудің технологиялық режимдерін бұзуы мүмкін. Жаңа тәсіл зертханалық нәтижелерді күтпестен ауытқуларды бірден анықтауға мүмкіндік береді.
Тұздардың шоғырлануын онлайн-бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу – мұнай құбыры жүйесін пайдалану сенімділігін арттырып қана қоймай, мұнайдың нормативтік құжаттардың талаптарына тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, адам факторының әсерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік жасайды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-02-17]