17 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 ақпанында болатын МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 17.02.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 19 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 33 350 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 86,5428 % (кірістілік – жылдық 16,17 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 86,5595 % құрады (кірістілік – жылдық 16,15 %).
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 ақпанында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 1 жыл МЕККАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-02-17]