KZ
17 ақпан 2026, 04:03
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.02.2026 16:33 #Нормативтік база

01 сәуірден бастап Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 16.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 12 ақпанындағы шешімімен 2026 жылдың 01 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілетін "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) KASE ішкі құжатына № 3 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулерге сәйкес KASE есептейтін қор нарығының индекстері мен индикаторларының тізбесіне:

1)халықаралық рейтингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингі BBB- деңгейінен төмен емес, теңгемен номинацияланған корпоративтік облигациялар нарығының индекстері (KASE_KZ3BUP* сериясының индекстері):

- KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі;

- KASE_KZ3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;

- KASE_KZ3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;

- KASE_KZ3_DUR – индекстің дюрациясы, жылмен;

2)халықаралық рейтингтік агенттіктер берген BBB- деңгейінен төмен емес кредиттік рейтингі бар, АҚШ долларымен номиналданған корпоративтік облигациялар нарығының индекстері (KASE_US3BUP* сериясының индекстері):

- KASE_US3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі;

- KASE_US3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;

- KASE_US3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;

- KASE_US3_DUR – индекстің дюрациясы, жылмен.

Облигациялардың "таза" бағалары индексінің (CP) бастапқы мәні 100 тармақ, облигациялардың жиынтық кіріс индексі (TR) - жинақталған және төленбеген сыйақының орташа мәнін қоса отырып, 100 тармақ мөлшерінде тіркелген.

Түзетулер сонымен қатар жоғарыда аталған индекстерді есептеу тәртібін анықтайды.

Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Әдістемелер" қалташасы).