KZ
13 ақпан 2026, 21:02
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.02.2026 12:24 #Қаржы құралдары

16 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 13.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe19) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылдың 17 ақпанында шығарылылым аңдатпасының шарттарына сәйкес аталған облигацияларды ішінара сатып алуды өткізуге байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-13]