"Halyk Finance" АҚ EMEA Finance халықаралық басылымының үш марапатына ие болды
/KASE, 12.02.26/ – "Halyk Finance" АҚ (KASE тикері – HFIN) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2025 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance EMEA Finance халықаралық басылымының жыл сайынғы Europe Banking Awards сыйлығы аясында бірқатар беделді марапаттарға ие болды. Басылым сарапшылары Halyk Finance «Қазақстандағы үздік инвестициялық банк» (Best Investment Bank in Kazakhstan), «Борыштық капитал нарығындағы үздік инвестициялық банк» (Best Debt House), «Қазақстандағы үздік брокер» (Best Broker in Kazakhstan) номинацияларында жеңімпаз деп таныды. Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance Cbonds ақпараттық агенттігі жариялаған жергілікті нарықта облигацияларды орналастыруды ұйымдастырушылардың ранкингінде 1-ші орынды иеленді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance Cbonds ақпараттық агенттігі жариялаған жергілікті нарықта облигацияларды орналастыруды ұйымдастырушылардың ранкингінде 1-ші орынды иеленді. Өткен жылы Halyk Finance жиынтық сомасы 2,3 триллион теңгелік және долларлық облигацияларды 50-ден астам орналастыруды андеррайтер және ұйымдастырушы рөлін атқарды. Облигацияларды орналастырудың жалпы көлеміндегі Halyk Finance нарықтық үлесі 2025 жылы шамамен 50% құрады.
Сонымен қатар, 2025 жылы Halyk Finance қазақстандық эмитенттердің еурооблигацияларды орналастырудың жергілікті бөлігінің негізгі ұйымдастырушысы болды. Осылайша, компанияның қатысуымен қос листингі бар және бір мезгілде жаһандық және жергілікті нарықтарда жиынтық көлемі шамамен 6,1 млрд доллар болатын еурооблигациялардың 12 шығарылымының 8-і өтті, оның 1,1 млрд АҚШ доллары қазақстандық капитал нарығына тартылды..
дәйексөздің соңы
Қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-02-12]