KZ
15 ақпан 2026, 11:19
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.02.2026 14:38 #Корпоративтік уақиғалар

26 ақпанға белгіленген "Bank RBK" Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы хабарлама

/KASE, 12.02.26/ – "Bank RBK" Банкі" АҚ (KASE тикері – INBN) 2026 жылдың 26 ақпанына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінің толықтырылғаны туралы хабарлайды.

Толықтыруды ескере отырып, жиналыстың күн тәртібі:

1) қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2) қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы;

3) Директорлар кеңесі мүшелерінің 2026 жылға арналған мақсаттарын қарау туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2026-02-12]