"Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады
/KASE, 12.02.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" АҚ ("Компания", еншілес FlyArystan бөлімшесімен бірге - "Топ"), кіріс көлемі мен әуе кемелері паркі бойынша Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі ең ірі әуе тобы Компанияның Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
2026 жылғы 9 ақпанда өткен Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі ретінде Бахытжан Таубаев Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл шешiм бұрыннан жоспарланған Директорлар кеңесіндегі сабақтастыққа және Компания акционерлік құрылымындағы өзгерістердi ескере отырып қабылданды, Саймон Вуд, BAE Systems PLC акционерінің өкілі, атқарушы емес директор 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін тоқтатты.
Бахытжан Таубаев 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап атқарушы емес директор болып тағайындалды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-02-12]