"Эйр Астана" АҚ 09 ақпанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысын хабарлады
/KASE, 10.02.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылғы 9 ақпан өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
1. «Эйр Астана» АҚ Airbus S.A.S компаниясымен жеткізілуі 2031–2034 жылдарға жоспарланған Airbus A320N типті 5 (бес) әуе кемесін ("нақты тапсырыс") және Airbus A321NX типті 20 (жиырма) әуе кемесін ("нақты тапсырыс") сатып алу бойынша, "Эйр Астана" АҚ активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан да көп пайызын құрайтын сомаға сатып алу жөнінде, сондай-ақ Airbus A320neo әуе кемелері тобының қосымша 25 (жиырма бес) әуе кемесін сатып алуға расталған құқықтарды иеленуге ірі мәміле жасассы.
2. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сыйақы саясаты жаңа редакцияда бекітілсін. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сыйақы саясатының ережелері 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатыны белгіленсін.
3. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі 2026 жылғы 09 ақпаннан 2028 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімге 9 (тоғыз) мүшеден тұратын келесі құрамда сайлансын (қайта сайлансын):
- Жакупов Нурлан Каршагович – "Самұрық-Қазына" АҚ акционерінің өкілі;
- Рыскулов Айдар Кайратович – "Самұрық-Қазына" АҚ акционерінің өкілі;
- Таубаев Бахытжан Рыспекович – "Самұрық-Қазына" АҚ акционерінің өкілі;
- Абдразаков Ельдар Советович – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Асанов Дияс Рахимжанович – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Гарри Роберт Кингшотт – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Джанет Эллен Хэкман – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Кит Гэбел – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Питер Уильям Фостер – "Эйр Астана" АҚ Бас атқарушы директоры (2026 жылғы 31 наурызға дейін);
- Ибрахим Жанлыел – "Эйр Астана" АҚ Бас атқарушы директоры (2026 жылғы 01 сәуірден бастап).
4. Жакупов Нурлан Каршагович мырза "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесінің келесі құрамын сайлағанға дейінгі мерзімге, "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайлансын.
дәйексөздің басы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-02-10]