KZ
5 наурыз 2026, 08:52
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.02.2026 15:28 #Сауда-саттық ақпараты

10 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 ақпанында болатын МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 10.02.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 12 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 31 651 415 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 81,1717 % (кірістілік – жылдық 15,97 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 81,2817 % құрады (кірістілік – жылдық 15,91 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 ақпанында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 2,8 жыл МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-02-10]