09 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 06.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 09 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 06 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін Bank of America Corporation US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 10 наурызынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 04 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін PayPal Holdings Inc.US70450Y1038 (сектор "KASE Global", PYPL_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 10 наурызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-02-06]