KZ
4 ақпан 2026, 23:15
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.02.2026 16:36 #Корпоративтік уақиғалар

"Эйр Астана" АҚ қаржы жөніндегі атқарушы директорды тағайындау туралы хабарлады

/KASE, 04.02.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" АҚ (Air Astana және оның еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге – "Топ") Гонсалу Пирештің (Gonçalo Pires) 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қаржы жөніндегі атқарушы директор лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлайды. 2025 жылғы 8 қазанда жарияланғандай, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қазiргi қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыелді бас атқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін тиісті өтпелі кезең көзделетін болады.

Гонсалу Пиреш 2021 жылдан бастап TAP Air Portugal әуе компаниясында қаржы жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарып, онда қайта құрылымдау бағдарламасын әзірлеп, іске асырды, сондайақ цифрландыру бойынша бірқатар бастамаларды іске қосты. Бұған дейін оның шамамен жиырма жылға жуық кәсіби қызметі қаржы секторын қамтып, оның ішінде инвестициялық банкинг саласындағы түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

Пиреш мырза Лиссабон қаласындағы NOVA университетінің экономика мамандығы бойынша ғылыми дәрежесіне ие және Air Astana-ның бас кеңсесі орналасқан Алматы қаласында қызметін жүзеге асыратын болады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-02-04]