KZ
5 ақпан 2026, 00:27
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.02.2026 16:17 #Қаржы құралдары

05 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда саттық тоқтатылады

/KASE, 04.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 05 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 13 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін, Ford Motor Company US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 09 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін, Apple Inc. US0378331005 (сектор "KASE Global", AAPL_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 11 ақпанынан бастап қайта басталады;

Бұдан басқа, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда- саттықты тоқтата тұруы 2026 жылдың 03 сәуіріне дейін ұзартылды:

1) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ);

2) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ);

3) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ);

4) STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ);

5) ProShares Short Bitcoin ETF US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ);

6) ProShares Ultra Ether ETF US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ);

7) ProShares Bitcoin Strategy ETF US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ).

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-04]