KZ
4 ақпан 2026, 16:53
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.02.2026 15:04 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. ұсынған қаңтар айында Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады

/KASE, 04.02.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың қаңтар айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес компаниясы) Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірі келтірілген:

"Қаңтар айында Қазақстанның қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік пен сұраныстың өсуі жалғасуда. ҚҚС-қа байланысты бағаның рекордтық өсуіне қарамастан, қызмет көрсету саласы дәстүрлі түрде өндіріс саласымен салыстырғанда төмен құбылмалылықпен сипатталады. Осы тұрақтылықтың арқасында жиынтық PMI желтоқсан айындағы деңгейде (49,7) қалып, өңдеу салаларындағы теріс динамика аясында неғұрлым терең құлдыраудың алдын алды. Сонымен қатар, тарихи тұрғыдан төмен 12 айлық күтілімдер қызмет көрсету саласының салықтық шокты әзірге өз маржасы есебінен өтеп отырғанын көрсетеді. Сатып алу қабілетінің кейінге қалдырылған төмендеу тәуекелдері сақталғанымен, нарықта жарияланған өнім желісін және бизнес-модельдерді жаңарту жөніндегі шешімдер саланың салыстырмалы тұрақтылығы сақталады деген үміт береді ".

Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ

Орыс тіліндегі шолу – толығырақ

Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ

[2026-02-04]