KZ
5 ақпан 2026, 03:36
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.02.2026 14:30 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың қаңтар айында KASE МБҚ нарығына шолу

/KASE, 04.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына (МБҚ) қысқаша шолу ұсынады.

2026 жылдың қаңтар айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 105 облигация шығарылымы, оның ішінде 90 МЕКАМ шығарылымы және 15 еурооблигация шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2 нота шығарылымы, жергілікті атқарушы органдардың 247 облигация шығарылымы және шет мемлекеттердің 66 облигация шығарылымы бар.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 527,7 млрд теңгені ($1,0 млрд) құрады және желтоқсан айымен салыстырғанда 19,2 %-ға немесе 85,1 млрд теңгеге өсті. Сауда- саттықтың орташа тәуліктік көлемі 27,8 млрд теңгені (қайталама нарықта – 4,8 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 18 (қайталама нарықта – 12), бір мәміленің орташа көлемі – 1,6 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,4 млрд теңге) құрады.

Бастапқы нарықта қаңтар айында жалпы сомасы 436,1 млрд теңгеге ($859,0 млн) 101 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 53,5 %- ға немесе 152,1 млрд теңгеге жоғары:

-------------------------------------------------------------------------------------
                                        Сауда-  Сауда- Ұсыным-        Орташа   Өтеуге
Орналасты-                              саттық  саттық      ға      саралан-    дейін
ру күні     Сауда-саттық ISIN          көлемі, көлемі, сұраным          ған. мерзімі,
            коды                      млрд KZT млн USD         кірістілік, %      жыл
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
06.01.2026  MOM060_0054  KZK200000737     47,8    93,5  135,1%        16,42%      1,9
            MUM096_0014  KZKD00001228     29,2    57,0  188,1%        15,51%      5,4
            MUM120_0020  KZKD00001269     46,0    90,0  195,5%        15,53%      9,1
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
13.01.2026  MUM084_0020  KZKD00001285     41,0    80,5    х3,4        15,56%      6,1
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
20.01.2026  MOM060_0055  KZK200000778     74,2   145,6    х2,4        15,48%      4,7
            MUM180_0013  KZKD00000931     60,7   119,1    х4,6        15,50%      7,2
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
27.01.2026  MUM096_0014  KZKD00001228     29,6    59,0  159,2%        15,44%      5,3
            MUM120_0020  KZKD00001269     47,4    94,4    х5,3        15,42%      9,0
            MUM180_0009  KZKD00000717     60,2   120,0    х5,0        15,99%      2,9
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
БАРЛЫҒЫ                                  436,1   859,0                               
-------------------------------------------------------------------------------------

Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне 75,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 21,9 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 2,5 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,1 %-дан кем болды. Бейрезиденттердің МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі 1,1 % құрады.

Қайталама нарықта қаңтар айында жалпы сомасы 91,6 млрд теңгеге ($180,0 млн) 236 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 42,2 %- ға немесе 66,9 млрд теңгеге төмен.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 25,4 %, брокерлік – дилерлік ұйымдардың үлесіне – 8,9 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 5,1 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 59,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 1,2 % тиесілі болды. МБҚ қайталама нарығында бейрезиденттердің сауда- саттыққа қатысу үлесі 36,5 % құрады.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері мынадай өзгерістерді көрсетті:

--------------------------------------------------------------------------
                                                                Бір айдағы
                                                31.01.26 ж.б.     өзгеруі,
                                                         мәні теңге / б.т.
----------------------------------------------- ------------- ------------
                     "Таза" бағалар индекстері, теңге                     
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                   1 204,67        +3,09
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен            950,28        +1,65
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам                        800,06        +6,24
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп        906,33        +3,99
KZGB_CP сегменттеу мерзімісіз                          935,49        +4,09
--------------------------------------------------------------------------
                 "Таза емес" бағалардың индекстері, теңге                 
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                   1 490,56       +16,10
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен          1 283,11       +12,86
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам                      1 105,71       +19,08
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп      1 158,95       +15,42
KZGB_DP сегменттеу мерзімісіз                        1 155,45       +15,36
----------------------------------------------- -------------             
                         Кірістілік индекстері, %                         
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен                       17,15        +0,56
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен              16,41        +0,16
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам                          15,42        -0,14
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп          16,05        +0,04
KZGB_Y сегменттеу мерзімісіз                            16,03        +0,04
--------------------------------------------------------------------------

[2026-02-04]